Таразда екі жігіт оңалту орталығына басып кірген

1318

53 жастағы күзетшіні пышақпен қорқытып, екі жылқыны ұрлап кеткен.

Таразда екі жігіт оңалту орталығына басып кірген

Таразда екі белгісіз тұлға қара бетперде киген Тараздағы оңалту орталығының аумағына кіріп, 53 жастағы күзетшіні пышақпен қорқытып, екі жылқыны ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жануарларды дене мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған иппотерапия емдеу курстарын өткізу кезінде орталық мамандары пайдаланып отырған.

"17 қазан күні түнгі сағат екі шамасында Тараз қаласы ІІБ жедел басқару орталығына мүгедек балаларды оңалтумен айналысатын "Асар" қоғамдық бірлестігінің аумағына қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Біз қызметкерлер заттай дәлелдемелерді жою үшін жылқыларды етке сойып немесе басқа өңірлерге сатқанға дейін жануарларды табуға тырысты",-дейді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалметов.

Жедел шаралардың нәтижесінде бір тәулік ішінде ұрлық жасаған күдіктілер анықталып, ұсталды. Жылқылар оңалту орталығына қайтарылды.

Айта кетейік, ұсталғандар Тараз қаласының 22 және 23 жастағы тұрғындары болып шыққан. Олар кінәсін мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

"Бұл факті бойынша ҚР ҚК 192-бап 2-бөлігімен адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған қарақшылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",-дейді аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

"Асар" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Әйгерім Дәулетбаева қылмысты жедел ашқаны үшін полиция басшылығы мен қызметкерлеріне балаларға үйреніп қалған ерекше жануарлар қайтарылғанына ризашылығын жеткізді. Жануарлармен иппотерапия бойынша сабақтар жалғастырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу