Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпорындар мен мекемелердің жай-күйімен танысу мақсатында облыс орталығын аралап шықты, деп жазады zhambylnews.kz.
"ТаразКоммуналКөлік" жауапкершілігі серіктестігінде облыс әкіміне кәсіпорынның базасынан электробустарға қызмет көрсететін "Higer Quazar" компаниясының жұмысын бастау туралы мәліметтер ұсынылды. Бұған дейін электробустарды құрастыру мен оларға қызмет көрсету саласында әлемдегі жетекші компанияның қызметін тұтынған Қарағанды облысының тәжірибесі кәсіпорын жұмысының тиімділігіне көз жеткізді. Сондықтан да, өңірде "Higer Quazar" компаниясының жұмысын жүйелеуге басымдық беріледі. Болашақта бұл кәсіпорын Тараз қаласынан жылына 20 электробус құрастыруға қабілетті зауыт ашуға ниет білдіріп отыр.