Таразда ең көп кітап оқыған оқушы миллионер атанады

2461

Таразда ең көп кітап оқыған оқушы миллионер атанады

Тараз қалалық "Жамбыл-Тараз" газеті жүлде қоры 3 миллион теңге болатын кітап оқу байқауын ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

Жоба шарты бойынша ақылдастар алқасы құрылған. Алқа төрағасы - белгілі жазушы Несіпбек Дәутайұлы.

"Ақылдастар алқасы бірлесіп отырып, 100 кітаптан тұратын тізімді жасадық. Оның тең жартысы қазақ, қалғаны орыс тілінде ұсынылады. 5-7 сынып оқушылары кемінде 15, 8-11 сынып оқушылары кемінде 20 кітапты оқу жылының соңына дейін оқып шығуға тиіс. Бұл межеден асқан адам байқау жеңімпазы атанады. Жеңімпаз оқылған кітаптар бойынша сұрақ қою әдісімен анықталады", - дейді газеттің бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу