Таразда ер адам баланы соққыға жықты

818

Оқыс оқиға 20 қазанда болған.  

Таразда ер адам баланы соққыға жықты

Таразда психикалық аурумен ауыратын ер адам баланы ұрған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жамбыл облысы полиция департаметі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы полиция бөліміне қыз шағым түсірген. Ол Абай даңғылындағы медициналық клиниканың маңында белгісіз адам баланы ұрғанын айтқан. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, полицейлер күдікті іздеуге кіріскен.

Кейін тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар Жамбыл ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізген.

"Тергеу барысында күдіктінің психикалық аурумен ауыратыны

және облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды. Балаға қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ сот-психиатриялық сараптамасын тағайындау үшін күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу