Таразда есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды

356

Күдіктінің үйінен таратуға дайын есірткі табылды.  

Таразда есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды Фото: kursiv.media

Таразда есірткі заттарын заңсыз сақтап, таратты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктіні жеке тінту кезінде ақ түсті ұнтақ салынған бірнеше бума және өзіне тән иісі бар сарғыш-ақ түсті зат салынған түйіншектер табылып, тәркіленді.

Жақын маңдағы аумақты тексеру барысында полицейлер бұрын жасырылған есірткі түйіншектері бар орындарды анықтады. Сондай-ақ күдіктінің үйінен таратуға дайын, әртүрлі пакеттерге өлшеп салынған заттар табылды.

Ұсталған азаматтың ұялы телефонынан есірткі жасырылуы мүмкін орындардың фотосуреттері де анықталған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, есірткінің заңсыз айналымына және жеткізілуіне қатысы болуы мүмкін арналар анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу