Мамыр айында прокуратураның келісімімен ҰҚК қызметкерлері Таразда синтетикалық есірткінің ірі астыртын өндірісін жою операциясын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 66 келіден астам "мефедрон" психотроптық заты мен 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ есірткі заттарын жасауға арналған зертханалық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді", – делінген комитет таратқан хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу