Таразда полицейлер есірткі жасырып кетушіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
20 жастағы күдікті салмағы 10,47 грамм болатын ірі көлемдегі альфа-PVP психотроптық есірткі заттарымен ұсталды. Бұл 35 бір реттік дозаны құрайды.
Құрықтау кезінде одан салмағы 4,6 грамм болатын синтетикалық есірткінің 10 бумасы табылды.
Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында ас үйден және қоқыс салынған жәшіктен альфа-PVP психотроптық заты оралған zip-пакеттер табылды. Жауап алу барысында ұсталған адам есірткіні қалдырған мекенжайларды көрсетті.
Сонымен 12 жасырын орыннан 5,69 гр синтетикалық есірткі тәркіленді.