Таразда төрт адам газға уланып, үшеуі қайтыс болды. Біреуі қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға Олжабаева көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, табиғи газбен жанатын моншада ақау болған.
Айта кету керек, жылыту маусымы басталғалы бері өңірде 21 адам зардап шеккен. Оның 14-і ауруханаға түсіп, 6-ы қайтыс болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу