"КазУпакТрейд" ЖШС Тараз қаласында гипс шығаратын зауытты іске қосты, деп хабарлады компания өкілдері "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.
Жобаның құны 2 млрд теңгеден асады. Өндірістің жоспарланған қуаттылығы жылына 150 мың тонна гипс шығаруға қауқарлы.
"Зауыт еуропалық соңғы технология бойынша салынған. Шығарылатын гипс Г-4, Г-5 маркаға сәйкес келеді", - компания өкілдері.
"КазУпакТрейд" Астана қаласында орналасқан. Компанияның негізгі қызметі – ғимарат тұрғызу.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу