Таразда гипс зауыты ашылды

1423

Таразда гипс зауыты ашылды

Бұл мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба. Тың технологиямен жұмыс істейтін өндіріс орны өз тауарын ел нарығына ғана емес, Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне де экспорттамақ, деп хабарлайды 24.kz.
Зауыттың жылдық қуаты 36 мың тонна өнім. Келешекте өнімділікті 140 мың тоннаға дейін арттырмақ. Жобаның жалпы құны 3,9 миллиард теңгені құрайды. Қазір бұл қаражаттың жартсына жуық бөлігі жұмсалып,  қажетті қондырғылар орнатылды. Мұнда гипс өңделіп, құрғақ құрылыс қоспалары шығарыла бастады.
Технология заманауи талапқа сай. Жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтар Италия мен Ресей мемлекеттерінен әкелінген. Автоматтандырылған жүйені арнайы оқу курстарынан өткен білікті мамандар басқарады.
Өңірде екінші жартыжылдықта 9,1 миллиард теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске қосылмақ. Жоспар жүзеге асса, мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады. Айта кету керек, жалпы индустриалды -инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында аймақта 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу