Таразда халықаралық сән апталығы басталды

1170

Бес күнге созылатын бұл шараға Италия, Үндістан, Голландия, Қытай, Франция мен Ресей сынды барлығы 19 мемлекеттен сән саласының мамандары шақыртылған. 

Таразда халықаралық сән апталығы басталды

Кеше көне шаһар Таразда "Taraz – aspara fashion week" халықаралық сән апталығының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды abctv.kz.

Бес күнге созылатын бұл шарада Италия, Үндістан, Голландия, Қытай, Франция мен Ресей сынды барлығы 19 мемлекеттен сән саласының мамандары шақыртылған. Қазақстан тарапына кештің басты мейманы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова болды.

Апталық барысында "Taraz – Aspara fashion week" атты халықаралық дизайнерлер байқауы да өтпек.

"Бұл күндері қаламызға 3 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде. Олардың ішінде туризм саласының халықаралық деңгейдегі білікті мамандары бар. Мәселен, "Taraz – aspara fashion week" халықаралық сән апталығына 19 мемлекеттен 30-дан астам дизайнер қатысуға ниет білдірген. Олардың қатарында "Сербия сән апталығының" президенті Светлана Хорват, "Германия сән апталығының" президенті Катарзина Стеванов, "Милан сән апталығының" президенті Марианна Мишели, американдық "FNL Network" телеарнасының директоры Rokko Leo Gaglioti,  "Болгария мисі" байқауының жеңімпазы Вероника Стеванова және тағы да басқалар бар", – дейді Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

"Taraz – Aspara fashion week" барысында облыстың шағын және орта бизнесі 70 миллионға жуық пайда табады және өзара әріптестік туралы халықаралық 7 және республикалық деңгейде 5 меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу