Таразда хирургтер тіс шұқығыш жұтқан науқасты құтқарды

599

Науқас 4 күн бойы ауырса да, медициналық көмекке жүгінбеген.  

Таразда хирургтер тіс шұқығыш жұтқан науқасты құтқарды Фото: turkystan.kz

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына ішінің қатты ауыруы мен әлсіздігіне шағымданған 54 жастағы ер адам емдеуге жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қатты ауырсынғаннан кейін жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізілген.

Хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, лапароскопия бойынша тәжірибелі және білікті маман Ғабиден Рахымжановтың бастамасымен дәрігерлер – Бекташ Дүрсінов пен Әлімбек Бекнұр компьютерлік томография жүргізді. Ол науқастың іш қуысында тіс тазалағыш тұрып қалғанын көрсеткен.

"Бөгде затты алып тастау" әдісі бойынша шұғыл лапароскопиялық операция жасалды. Операция кезінде ұзындығы 4 см және диаметрі 2 мм ұзын жіңішке ағаш таяқша (тіс шұқығыш) алынды. Сәтті жүргізілген операциядан кейін науқас есін жиып, бірнеше күн бұрын қазы жегенін айтты. Ол етпен бірге тіс тазалайтын ағаштың өңешке түскенін байқамаған болуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу