Таразда қаңтар оқиғасында қайтыс болған жасөспірімге сот үкімі шықты

687

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің жазуынша, оның кінәсі дәлелденген, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Таразда қаңтар оқиғасында қайтыс болған жасөспірімге сот үкімі шықты Фото: halyq-uni.kz

"Сот О.-ның кінәсін зерделенген дәлелдемелермен дәлелденген деп таныды. Сот үкімімен О. қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмай, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін (ҚР ҚК-нің 272-б. 2-б.) кінәлі деп танылды", делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылы 6 қаңтарға қараған түні марқұм О. Тараз қаласындағы қирату, бұзу және қалалық әкімдік ғимаратының мүлкін жоюға ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан.

"О.-ның кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: куәлер К., А., Ж.-ның айғақтарымен, сот-медициналық, сот-биологиялық, сот-медициналық-криминалистикалық, сот-баллистикалық сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ фотосурет бойынша тану хаттамасы мен істің басқа да материалдарымен дәлелденді", делінген Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу