Тараздағы қатаң режимдегі колониядан өрт шықты. Өрт түрменің өндірістік аумағындағы ғимараттың үшінші қабатынан тұтанған. Дәл сол бөлмеде ағаш өңдеу цехы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға кезінде онда ешкім болмаған. Ал өрт лезде сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Өрт кезінде жазасын өтеушілердің қашу, қашуға оқталу сынды әрекет болған жоқ. Сотталушыларды бірден түгендеп шықтық. Бәрі орнынан табылды. Іштегі өртті өзіміз, шатырға жайылғанын төтеншеліктер сөндірді", - деді №59 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі бастығының орынбасары Ербол Нұржанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу