Таразда қазақ-қырғыз ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

1032

Таразда қазақ-қырғыз ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды 24Хабар.

Қаланың қақ ортасына киіз үйлер тігіліп, қазақ-қырғыз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері шығарылды. Шара кезінде тұрғындарға жалпы құны 43 миллион теңге болатын 100 тоннадай өнім ұсынылды. Оның 60 тоннасын көрші елдің диқандары алып келген. Ал Жамбыл облысының 5 ауданының шаруалары негізінен жылқы, сиыр, қой етін саудалады. Тауар нарықтан 10-17 пайызға төмен бағамен сатылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай игі бастамалар өнімді делдалсыз тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу