Таразда келіншектің өліміне себепкер болған жедел жәрдем диспетчері жұмыстан босатылды

699

Таразда массың деп келіншекке жедел жәрдем келмей қойған.  

Таразда келіншектің өліміне себепкер болған жедел жәрдем диспетчері жұмыстан босатылды Фото: КТК арнасы

Таразда жедел жәрдемге қоңырау шалған әйелді мас деп ойлап, селқос қарағаны үшін жедел жәрдем диспетчері жұмыстан шығарылды. Инфарктпен ауыратын әйелді маскүнем деп ойлап, соның кесірінен ол медициналық көмек ала алмай көз жұмды деп жазады inbusiness.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

46 жастағы Людмила Остапенконың туыстары кінәлілердің жазадан жалтарғанына наразы. Науқаспен сөйлескен диспетчер жұмыстан босатылды, ал қалған екі диспетчер қатаң сөгіс алды. Диспетчерлік қызметтің бастықтары мен станция бас дәрігерінің екі орынбасары сөгіс алды. Бұл факті бойынша прокуратура қылмыстық істі ашудың алғышарттарын анықтады.

"Бұл істі соңына дейін жеткізгіміз келеді. Прокуратура қылмыстық іс қозғауға негіз бар деп жауап бергендіктен, оны қозғау керек деп санаймын. Бірақ тергеуші бізбен байланысқа шықпайды. Олар бұл істі әдейі кешіктіреді, өйткені кез келген қылмыстық істің өз мерзімі бар", – дейді марқұмның әпкесі Ирина Шаевская.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу