Таразда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық танытуда

2792

Қазір қалада барлық қоғамдық көліктер жүрісі тоқтап тұр.

Таразда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық танытуда

Бүгін таңертеңнен Таразда барлық қоғамдық көліктер тоқтап тұр. Себебі барлық автобустар мен бағыттық маршрут жүргізушілері наразылық танытып, дерлік автобекет маңына жиналған, деп хабарлайды  abctv.kz.

Олар мұндай іске жол полициясы қызметкерлерінің қайта-қайта автобустарды тоқтатып, ретті-ретсіз тексеріс жасап, титықтатқаны үшін барып отырғандарын айтады. Жүргізушілердің сөзінше, жол полициясы қызметкерлері кейбір жағдайда еш заңдылықты бұзбаған қоғамдық көлік иелерін де тоқтатып, ығыр еткен. 

Жағдайды реттеу үшін ІІД қызметкерлері, автопарк басшыларымен қатар Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов та келді. Ол наразылық танытушыларды сабырға шақырып, алдағы бір айда мәселені өзі тікелей қадағалап отыратынын айтты. Алайда, ашынған топтың әзірге тарқайтын түрі жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу