Таразда бұған дейін коронавирус ауруына шалдыққан 86 жастағы әйел анықталған "Қарасу алқабы" шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Эпидемиологиялық тексеру барысында 17 наурызда әйелдің Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. Онымен байланыста болған 5 тұлға анықталып, карантинге жатқызылды. Қазір ол инфекциялық стационарда ем алуда.
Ал көпқабатты үйдің кіреберісінде және әйелдің тұрғылықты жерінде дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді. Осы подъездегі пәтерлердің 27 тұрғыныны 14 күнге оқшауланып, олардың өз пәтерлерінен шығуна тыйым салынды. Кіреберісте полиция қызметкерлері кезекшілік етеуде.
Тұрғындарға Тараз қаласының әкімдігі қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп тұрады.