Таразда көпқабатты үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды

104

Оның ішінде 20 бала бар. 

Таразда көпқабатты үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, Тараз қаласының 2-шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде өрт шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 60 тұрғыны, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. Кәсіби өрт сөндірушілер өртті өршу кезеңінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу