Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды

1325

Тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды

Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан жарақат алып, ауруханаға жатқызылған 1954 жылғы ер адам көз жұмды. Бұл туралы №2 қалалық аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Әбілсейіт Сыдықов айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Ер адамның денесінің 50 пайызын күйік шалған, тыныс жолдары күйген, жарақаттанған. Ауыр жарақаттар болды. Дәрігерлер оны құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Бүгін түнгі бірлерде көз жұмды", – деді ол.

Еске сала кетсек, 27 ақпанда Таразда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, үш адамның денесі үйінді астынан табылды. Әртүрлі жарақат алған 4 адам ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі кейіннен шығып, бірі әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу