Таразда көпқабатты үйден өрт шығып, 14 адам құтқарылды

392

Оқиға орнында 27 қызметкер және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.  

Таразда көпқабатты үйден өрт шығып, 14 адам құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында көпқабатты үйден өрт шығып, 14 адам құтқарылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысының Тараз қаласында 3-қабаттағы пәтердің балконында өрт болды. Өрт алаңы – 5 шаршы метрді құрайды. Қызыл жалын сағат 13:59-де толықтай ауыздықталған.

"ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 14 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала бар. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында 27 қызметкер және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу