Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды

157

Кортеж кезінде түлектер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, басқа көлік жүргізушілерінің өміріне қауіп төндірген.  

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында Тараз қаласындағы бірнеше орта мектептің бітіруші түлектерінің оқу жылын аяқтауға арналған іс-шара аясында көлік кортежін ұйымдастырғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көлік құралдарын басқару кезінде қозғалыс ережесін бұзу, автокөліктердің жолда жүру тәртібін сақтамауы, қоршаған ортаға қауіп төндіру жағдайлары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабымен барлығы 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

– Біз мектеп бітіру кештерінен кейін мұндай жағдайлар болуы мүмкін екенін болжадық. Сондықтан автопатрульдер санын көбейтіп, бақылауды күшейттік. Азаматтардың қауіпсіздігі – басты міндет және оны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз, – деп атап өтті Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.

Полиция департаменті азаматтарды, соның ішінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарын, мерекелік шараларды өткізуде қауіпсіздік пен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу