Таразда құны 17 млрд теңгелік инвестициялық жобаларға қойылған кедергілер жойылды

220

Бұл туралы  Жамбыл облысының прокуратурасы мәлім етті.  

Таразда құны 17 млрд теңгелік инвестициялық жобаларға қойылған кедергілер жойылды Фото: ztgzt.kz/80383

Тараз қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп жүргізген тексеру барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, жергілікті атқарушы орган құны 3 млрд теңгені құрайтын тракторлар мен комбайндар шығаратын зауыт салу жобасын іске асырып жатқан "Kaz FMWORLD Agricultural Machinery" ЖШС-не сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тартқан.

Сонымен қатар құны 14 млрд теңге болатын қант зауытын салу жобасын жүзеге асырып жатқан "ТСЗ" ЖШС-нің электр желілеріне қосылуына қатысты техникалық шарттарға инвесторға қосымша қаржылық шығын жүктейтін негізсіз талаптар енгізілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, инвесторлардың құқықтары толық қалпына келтірілді. Ал кінәлі лауазымды тұлғалар заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Тараз қаласында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан тоғыз инвестордың құқығы қорғалған. Прокуратура өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу