Биыл "Тараз арматура зауыты" ЖШС құрылысқа арналған арматура өндіруді бастайды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан".
Жобаның құны 2 млрд 177 млн теңгеге бағаланған.
Өндірістің қуаттылығы жылына 200 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы.
Зауытта 297 жұмыс орны құрылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу