Таразда қызғалдақтар фестивалі аясында гүлдерге арналған "Ең үздік сурет" және "Қызғалдақтар туралы аңыз" фотобайқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Фотосуретшілер гүлдердің әдемілігін асқан шеберлікпен көрсете білген. Сонымен қатар, бұл күні қолөнер бұйымдарының көрмесі де өтті. Жергілікті шеберлердің қолынан шыққан жұмыстар көздің жауын алады. Тоқылған қызғалдақтардан бастап, ЭКСПО халықаралық көрмесіне арналған кәдесыйларға дейін көпшілік назарына ұсынылды. Фестиваль ұйымдастырушылары "қызғалдақтар келешекте аймақтың символына айналуы да мүмкін", - дейді.
"Іс-шара аясында семинар өткізілді. Алматыдан арнайы профессорлар шақыртылып, қызғалдақтардың түрлерін, олардың қызыл кітапқа енгендігі туралы осы өңірге жеткіздік. Және жұмысшы тобы Қордай, Шу, Жуалы ауданында қызғалдақтар ландшафтарын зерттеп, қалай жұмыс істеу керектігі туралы кеңестерін беріп жатыр. Бүгін шараға 300-ге жуық адам қатысты. Мақсаты - қызғалдақтарымызды дәріптеу", - дейді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аспандияр Сейсебаев.