Жамбыл облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабы Тараз қаласының аумағында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізуде, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.
Шартты түрде "Тараз-Антитеррор-2016" аталған шараның мақсаты – лаңкестікпен күрес облыстық жедел штабы мүшелері мен оның жедел тобы жұмысының үйлесімділігін жетілдіру.
"Жаттығу барысында лаңкестік жасалған орынға жедел штаб күштері мен құралдарын жеткізу, жинау және хабарландыру жүйесінің элементтері тексеріледі", – деп нақтылады құқық қорғау ведомствосында. Ведомство өкілі Тараз қаласының тұрғындарына оқу-жаттығу шарасын өткізгенге түсінікпен қарауды өтінді және қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу