16 қарашада Жамбыл облысының лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штабы Тараз қаласы аумағында "Әулие-Ата Антитеррор - 2016" шартты атауымен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу шаралары өтуде. Жамбыл облысы лаңкестікпен күрес жедел штабының хабарлауынша, бұл жаттығулардың мақсаты - жүктелген міндетті орындауда лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штабтың құралдары мен дайындық күшін тексеру. Оқу түрлі қиындық элементтерімен соғыс жағдайына барынша бейімделіп жасалған.
"Әулие-Ата Антитеррор-2016" оқу шарасын жүргізуге бірнеше жеке құрам мен арнайы техника жұмылдырылды. Қала аумағының кейбір бөліктеріндегі қозғалыстың шектелуінен туындаған ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу