Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Таразда лифт ішінде қалып қойған тұрғындарды эвакуациялады.
112 пультіне Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде лифтіні ашу қажеттігі туралы хабарлама түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жедел жетті.
– Құтқарушылар гидравликалық құралдар мен авариялық-құтқару жабдықтарының көмегімен лифт есігін ашып, төрт тұрғынды эвакуациялады. Құтқарылған әйелдердің біріне медициналық көмек көрсетіліп, ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу