Таразда нәрестені сатпақ болған екі дәрігер ұсталды

1313

Бала кімге және қанша қаржыға сатылмақ болғаны белгісіз.  

Таразда нәрестені сатпақ болған екі дәрігер ұсталды Фото: gov.kz

Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе отырып, жедел іздестіру шараларының арқасында жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілеме жасап.

"12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталып, Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкерлері ұсталды. Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Аталған қылмыстық іс қалалық прокуратураның бақылауына алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу