Таразда өрт лаулады

619

Тараз қаласындағы "Береке" базарынан өрт шықты, деп хабарлады  Жамбыл облыстық ТЖД Instagram парақшасында. 

Таразда өрт лаулады

30 қыркүйек таңертең Тараздағы Мәмбет батыр көшесінде орналасқан "Береке" базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама құтқару қызметіне 30 қыркүйек таңғы сағат 07.52-де келіп түскен.

Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары, 56 қызметкер және 13 техника жұмылдырылған.

"Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен өрт таңғы сағат 8:30-да оқшауланды, өртті жою жұмыстары жалғасуда", – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Облыстық ТЖД өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендердің жоқ екенін мәлім етті. Өрттің шығу салдары анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу