Таразда осымен бесінші бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

907

Алған жарақатынан бала көз жұмды.

Таразда осымен бесінші бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Таразда жазатайым оқиға болды. 6 жасар қыз көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатының балконынан құлап кеткен, деп хабарлайды Хабар 24.

Өкініштісі, жедел жәрдем көлігі дер кезінде жетіп, ақ халаттылар бүлдіршіннің өмірі үшін бір жарым сағат арпалысқанымен, оны аман алып қала алмады.

Оқиға 8 тамыз күні кешкі сағат сегіз жарымда Самал ықшам ауданында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған қыз "балконнан төмен қараймын" деп, құлап түскен.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, өңірде балалардың абайсызда көпқабатты үйдің терезесінен құлауына байланысты биыл бес дерек тіркелген.

"Баланың жағдайы түскен кезде күрт ауыр жағдайда түскен, балаға бүкіл реанимациялық іс-шаралар жасалынған болатын. Ол көптеген бас, ми жарақаттарын алған, балада ішкі ағзалардың қан кетуі байқалды. Сондай көп жарақаттардың салдарынан бала көз жұмды", - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азат Сатжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу