Таразда отбасыларға кешенді көмек көрсететін жаңа орталық ашылды

275

Орталықта 17 маман отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетеді.  

Таразда отбасыларға кешенді көмек көрсететін жаңа орталық ашылды Фото: gov.kz

Тараз қаласында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсететін Отбасын қолдау орталығының жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталықтың басты мақсаты – азаматтарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмекті бір жерден ұсыну, сондай-ақ отбасылардың мәселесін ушықтырмай, дер кезінде қолдау көрсету.

Жаңа ғимараттың ашылуына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Ол орталық мамандарына көмекке мұқтаж отбасылардың мәселесіне жауапкершілікпен қараудың маңызды екенін атап өтті.

Тараз қалалық Отбасын қолдау орталығы жұмысын 2025 жылы бастаған. Осы уақыт ішінде мамандар 3 мыңнан астам тұрғынға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік кеңес беріп, 1 200 отбасыға кешенді көмек көрсеткен.

Жаңа ғимаратта психолог, заңгер және әлеуметтік қызмет көрсету кабинеттері, ана мен баланы қабылдау бөлмесі, уақытша жатын орын, асхана және мәжіліс залы бар. Барлық бөлме қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Орталықта 20 штаттық бірлік қарастырылған, қазіргі таңда 17 маман жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу