Таразда өзбек өндірушілерінің жәрмеңкесін өткізу ұсынылды

1013

Таразда өзбек өндірушілерінің жәрмеңкесін өткізу ұсынылды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Таразда өзбекстандық тоқыма бұйымдары мен тұрмыстық техника өндірушілерінің жәрмеңкесін өткізуді ұсынды. Бұл туралы ол Жамбыл облысы делегациясының Өзбекстан Республикасының Джизак облысына жұмыс сапары аясында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Сонымен қатар, облыс әкімі Джизак өңірінің АЭА басшыларына бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. 

"Біз Жамбыл облысында осы бағыттарда бірлесіп жұмыс істей аламыз. Әкімшілік мәселелерді шешеміз, тіпті бірлескен компания үшін ғимарат та береміз. Бастысы - жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету", - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу