Таразда полицейлер мас жүргізушіні жол бойымен қуалап, қолға түсірді

273

Жамбыл облысында полицейлерден қашқан мас жүргізуші бейнежазбаға түсіп қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таразда полицейлер мас жүргізушіні жол бойымен қуалап, қолға түсірді   Фото: Polisia.kz

Патрульдеу кезінде полиция батальонының қызметкерлері сағат 03:10 шамасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 162-шақырымында жүргізуші қауіпті маневр жасаған Kia K5 көлігін байқаған.

"Полицейлер көлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабын елемей, жылдамдықты арттыра түскен. Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмеу үшін полицейлер көлікті қууға мәжбүр болды. Тараз қаласынан Алматыға бет алған 36 жастағы жүргізуші полициядан жасырынуға тырысып, патрульдік көлікпен соқтығысты. Көп ұзамай құқық бұзушы ұсталып, Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.

Оған қатысты ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамай, жол ережесін бұзғаны жазаланатын болады. Тексеріс барысында міндетті сақтандыру жасамағаны да анықталды. Сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу