Таразда Qazaq Banki-нің бөлімшесі жабылды

834

Таразда Qazaq Banki-нің бөлімшесі жабылды

Таразда Qazaq Banki-нің бөлімшесі жабылды, деп хабарлайды abctv.kz.

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Qazaq Banki"АҚ (Алматы) биржаға жолдаған ресми хабарламасында банктің Жамбыл облысындағы Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158а мекенжайындағы құрылымдық бөлімшесінің қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлады.

Банктің директорлар кеңесі аталған мекенжайдағы бөлімшені жабу туралы шешім қабылдаған.

"Аталған бөлімшені жабу филиал қызметі мен жұмысына еш әсер етпейді",- делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу