Таразда салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

1161

Таразда салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

Таразда салмағы алты келіден асатын сәби өмірге келді, деп хабарлайды abctv.kz.

Бір жасар баланың салмағына сай келетін бұл көрсеткішке көпшілік таң қалысуда. Ал сәбиді табиғи жолмен, кесір тілігінсіз дүниеге әкелген Алена Премушконың екі перзенті бар. 29 жастағы ана шақалағының салмағы үлкен екенін УДЗ кезінде-ақ білген.

"Балам іште жатқанда оның салмағы 4 келі 200 грамм болғанын естіп біраз уайымдағаным рас. Бірақ, араға 9 жыл салып жүкті болып отырғандықтан, қорқынышымды қуанышқа жеңдіре білдім" дейді ол.

Сирек салмақпен туылған қызға Ольга есімі берілген. Қырғыз елінде іссапарда жүрген әкесі сәбиі мен жарына әлі жете алмай жатқан көрінеді. Бірақ, Аленаны құттықтап барушылар қатары көп.  Таза салмағы 6 келі 300 грамм, ал бойы 67 сантиметр болған Оляның жағдайы қалыпты екен.

Тараз қалалық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Эльвира Атабаева осыдан 7 жыл бұрын салмағы 6 келі 500 грам болатын сәбидің осы орталықта дүниеге келгенін айтады. Бірақ ол кезде анасының денсаулығына байланысты сәби кесір тілігі арқылы алынған екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу