Таразда шетелдіктерге арналған орталық ашылды

599

Енді өңірге келген шетел азаматтары құжаттарын бір жерден рәсімдей алады. 

Таразда шетелдіктерге арналған орталық ашылды

Таразда алғаш рет көші-қон қызметін көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Енді өңірге келген шетел азаматтары құжаттарын бір жерден рәсімдей алады. Жаңа орталықта көші-қон заңына сәйкес мемлекеттік қызметтің 11 түрі көрсетіледі. Тіркелуден бастап, Қазақстан азаматтығын алуға дейін. Тіпті медициналық тексеруден де осы кешенде өтуге жағдай жасалған.

"Шетел азаматтары осы жерден жылдам және тез қызмет ала алады. Бұрынғы уақытта бізде бір сала бойынша қызмет көрсету 2-3 күн уақыт алса, қазір 2-3 сағаттың ортасында сұрағын шешіп, барлық сұрақтарға біз дер кезінде жауап бере аламыз", – дейді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Маржан Құрмашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу