Таразда таеквандодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

1066

Таразда таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz

Таразда таеквандодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Республикалық біріншілікке 2008-2010 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысуда. Чемпионат жүлдесін еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 580 спортшы сарапқа салады. 

Қазақстан чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар жасөспірімдер құрамасына шақырту алып, алдағы маусымдағы Азия және әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғайды.

Айта кетерлігі, биыл жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Болгарияда, ал Азия чемпионаты Моңғолияда өтеді. 

Жасөспірім атлеттер 18 наурызға дейін өзара мықтыны анықтайды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу