Таразда теміржол кассирі билет құнындағы айырманы өзіне қалдырып отырған

104

Алаяқтық салдарынан үш жолаушыға материалдық залал келген.

Таразда теміржол кассирі билет құнындағы айырманы өзіне қалдырып отырған Фото: ҚТЖ/Сара Сахынбек

Тараз қаласының №2 соты Тараз станциясындағы билет кассасының кассирін қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сот анықтағандай, ол жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде тікелей рейс орнына маршрутты жекелеген учаскелерге бөліп билеттер сатқан. Осылайша, жол жүрудің нақты құны мен өзіне қалған ақша арасындағы айырмашылықты иемденіп отырған. 

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады. Сот оған 248 430 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады, сондай-ақ 3 жыл мерзімге ақшалай қаражатпен және материалдық құндылықтармен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу