Қала билігі ауқымды жобаның қаржысын жергілікті бюджет көтермейтінін айтты, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Шаһарда үш жолақты шойын жолдың тұсына не бағдаршам не шлагбаум орнатылмаған. Жұрт тоқтаған вагондарды күтуге мәжбүр. Ал тәулігіне қатынайтын 40 мыңға жуық жеңіл көлік 4 шақырым жердегі жер асты өткеліне барады. Жергілікті билік құрылысқа қажетті қаржыны республика бюджетінен сұрамақ. Әзірше өткел жобасы қаланың бас жоспарында ғана бар.
"Қанша жер керек? Қандай конфигурациясы болады? Темір жолдың астымен ба, үстімен ба? Құрылыс жобасына осы екі түрін қарастырып жатырмыз. Қайсысы тиімді болады. Соның бәрін мамандар есептеп, қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев.