Жамбыл облысының әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен жас полиглоттар клубы құрылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Клубтың негізгі мақсаты – шет тілдерін еркін меңгерген облыс жастарының басын қосып, олардың қабілетін шыңдау. Сондай-ақ жастардың көп тіл білуге деген қызығушылығын арттыру.
Шараға облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева қатысып, жастардың көп тіл білуге деген құштарлығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта клубтың жұмысына қолдау білдіретінін жеткізді.
Ал облыстық "Полиглот" клубының президенті Сағи Алтынкөп облыс аудандарындағы көп тіл меңгерген жастармен онлайн байланысқа шығып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар бұл клуб мүшелегінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын еріктілер тобы да бар екенін айтып өтті.
Бірнеше тілді меңгеру – қазіргі заманның басты талабы. Сол себепті біз көп тілді орта қалыптастырып, өз білімімізді өзгелермен бөлісуіміз қажет. Сондай-ақ біздің клубымызда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне баратын еріктілер де бар.
Қазір клубқа Тараз қаласы мен 8 ауданнан 60-тан аса көп тілді меңгерген азаматтар топтастырылған. Алдағы уақытта клуб мүшелері көп тіл білетін жастармен толыға береді.