Таразда триатлоннан Қазақстан кубогының екінші кезеңі өтеді

862

11-12 мамыр күндері өтетін жарысқа кәсіби спортшылар қатысады.

Таразда триатлоннан Қазақстан кубогының екінші кезеңі өтеді

Тараз қаласы триатлоннан Қазақстан кубогының екінші кезеңін қабылдайды, деп жазады Olympic.kz. 

Бірінші жарыс күнінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Түркістан және Қарағанды облыстарынан жалпы есебі жүз спортшы бақ сынайды. 

13 пен 16 жас аралығындағы жас атлеттер "супер-спринт" бойынша өзара жеңімпазды анықтайды. 

Ал 16 жастан жоғары атлеттер "спринтте" кім мықтыны анықтайды. Бұл сында спортшылар 750 метрге жүзіп, 20 шақырымдық веложарыста бақ сынап, бес шақырымға жүгіруден жарысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу