Таразда түзеу мекемесіне камерасы бар көзілдірікті алып кірмек болған ер адам ұсталды

335

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.    

Таразда түзеу мекемесіне камерасы бар көзілдірікті алып кірмек болған ер адам ұсталды Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

19 маусым күні сағат шамамен 13:10-да алдын ала алынған жедел ақпаратты іске асыру барысында №59 мекемесі қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлесіп, қысқа мерзімді кездесу үшін келген азаматтың жеке заттарын тексеру іс-шараларын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тексеру барысында келушінің жеке заттарының арасынан мекеме аумағына алып кіруге тыйым салынған техникалық құрылғы анықталды",  – деп жазылған хабарламада.

Аталған зат кәдімгі қара көзілдірік болып көрінгенімен, іс жүзінде жасырын аудио және бейнежазба жасау құралдарымен жабдықталған құрылғы болып шықты.

Тексеру іс-шаралары басталар алдында азаматқа заңда белгіленген тәртіппен тыйым салынған заттар мен техникалық құралдарды өз еркімен тапсыру талабы түсіндірілген болатын, алайда бұл талап орындалмаған.

Осы факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

Сондай-ақ ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілді. Жиналған материалдар құқықтық баға беру үшін сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу