Таразда түзеу мекемесінің басшысына 7,5 жыл кесілді

904

Сот үкіміне сәйкес ол мемлекеттік лауазымды қызмет  атқару құқығынан өмір бойына айырылып,  7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Таразда түзеу мекемесінің басшысына 7,5 жыл кесілді

Жеке кәсіпкерден пара алған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ ЖД-158/7 түзеу мекемесінің басшысы мен оның орынбасары сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 31 мамыр күні Тараз қалалық №2 сотының үкімімен мекеме басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Сот үкіміне сәйкес ол мемлекеттік лауазымды қызмет  атқару құқығынан өмір бойына айырылып,  7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен қатар, "әділет подполковнигі" атағынан айырылды.

Ал оның  орынбасары да "әділет подполковнигі" арнайы атағынан, өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылып, жазасын  7 жыл абақтыда өтейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу