Таразда ҰБТ-дан жоғары ұпай алып беремін деп ақша алған адам ұсталды

531

Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алу үшін жарты млн теңге берген, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Таразда ҰБТ-дан жоғары ұпай алып беремін деп ақша алған адам ұсталды Фото: egemen.kz

Кейін алаяққа алданып қалғанын білген Жамбыл облысының тұрғыны полицияға шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті сеніміне кіріп, Ұлттық тестілеуден кейін де баласын жоғарғы оқу орнына түсіріп берем деп уәде еткен. Алайда 500 мың теңгені алып алған соң хабарсыз кетеді.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіріп, Түркістан облысының 48 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін бірден мойындаған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу