Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды

722

Жұма күні сағат 22.30-да "Әулие – Ата" халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ келіп қонды.  

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды

Оның бортында 106 адам, оның ішінде 91 Қазақстан азаматы және 15 Қырғызстан азаматы болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Барлық жұмылдырылатын қызметтерге алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды. Қауіпсіздік мақсатында арнайы киім киген медицина қызметкерлері әр жолаушыны мұқият тексеріп шықты.

Тікелей ұшу жолағынан келгендердің барлығы автобустарға отырғызылды. Медициналық және полиция қызметкерлерінің еріп жүруімен олар карантиндік стационарға жеткізіліп, жатқызылды. Дене қызуларының көтерілуіне байланысты ҚР екі азаматы провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушылардан талдаулар алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Теріс нәтиже болған жағдайда оларды тұрғылықты жері бойынша 14 күндік үй карантиніне алынады.

Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заттары, автобустар мен жедел жәрдем көлігі өңдеуден өтті.

Ал, Қырғызстан Республикасының азаматтары арнайы автокөлікпен өз Отанына жөнелтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу