Балалар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаскөйлер үш автокөлікпен келген. Машинадан түспестен оқ жаудырып, тайып тұрған. Алдын ала дерекке сенсек, көрші ауылдың жеткіншектері өзара сөзге келіспей қалып, кездесуге уағдаласқан. Алайда, соңы жантүршігерлік оқиғамен аяқталды. Оқтан жарақат алған балалардың жағдайы тұрақты. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу