Таразда жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

815

Тараз қаласында 23 жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді.

Таразда жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Атап айтсақ, қала аумағындағы  қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында "№1 Тараз автобус паркі" ЖШС 20 бірлік "Zhong Tong" маркалы автобустар жеткізген. Ұзындығы 8.5 метрді, жалпы сыйымдылығы кемінде 55 адамды құрайтын бұл көліктер №11, 46, 28, 55 маршрут бағыттарында қызмет көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, "ӘулиеатаТрансПасс" ЖШС тарапынан алынған 3 бірлік үлкен сыйымдылықты "Zhong Tong" маркалы автобустар №19 бағытқа қосымша қызмет көрсетеді деп көзделуде. Аталған бағыттағы көліктер саны 13 бірліктен 16 бірлікке артып, жүру жиілігі 14 минуттан 10 минутқа қысқармақ.

- Облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің жетіспеушілігіне қатысты мәселені субсидия арқылы шешу қолға алынуда. Ол үшін бюджеттен 2 миллиард 200 мың теңге көлемінде қаржы қаралды.

Біз жыл сайын 70-100 жаңа автобус алу керекпіз. Алдағы үш жылда қоғамдық көліктер паркін жаңалап, жаңа бағыттармен шалғай тұрғын алқаптарды қамтуға тиіспіз.
Қоғамдық көліктерді баламалы отын көзіне ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда, деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстары бойынша 2019 жылдан бастап жалпы 154 бірлік  автобус жеткізілген. Сондай-ақ 2022 жылдың мамыр айында "ӘулиеатаТрансПасс" ЖШС үлкен сыйымдылықты "ZHONG TONG" маркалы 20 бірлік автобус сатып алып, ескірген автобустарды алмастырған болатын. Ал, "Smart City Servise" ЖШС арқылы ("City Bus") 10 бірлік отандық "Golden Dragon" маркалы автобустарын, "ТаразТрансМоторс" ЖШС-і 7 бірлік ПАЗ маркалы автобустарды алып келіп, іске қосқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу