Төтенше жағдайлар министрлігі Таразда 15-шағын ауданда орналасқан жаңа мектеп өртке оранғанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әзірге жұмыс істемейтін жаңа мектептің үш қабатты ғимараты өртке оранды. Өрт сөндірушілер келген кезде бірінші қабаттан қою түтін шығып жатқан. Өрт кезінде құрылысшылар ғимаратта жөндеу жүргізіп, өздері эвакуациялаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен 80 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу