Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалардың тізімі жарияланды

103

Бұл мекемелерде төбелестер, жанжалдар, түнгі уақыттағы шу және полиция қызметкерлері ұдайы шақыртуға баратын басқа да жағдайлар жиі орын алады.  

Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалардың тізімі жарияланды Фото: polisia.kz

Жамбыл облыстық полиция департаменті Таразда жиі жанжал тіркелетін кафе-барлар мен мейрамханалардың тізімін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Асти", "Белуга", "Дискомания", "Санремо", "Фабрика", "Шелби", "Марко Поло", "Энигма", "Мармарис", "Монако" секілді көңіл көтеру орындары құқық бұзушылық жиі тіркелетін тізімнің алғашқы қатарына жайғасқан.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі келтірген дерекке жүгінсек, ойын-сауық орындарын бақылау жұмысы күнделікті жүргізіледі.

Әр мекемеге патрульдік экипаждар мен учаскелік инспекторлар тіркелген. Қадағалау жұмысы алдағы уақытта күшейе түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу